Нұр-Әли Балабақша

Балаларға арналған жайлы орта

Балабақша өмірі

Қош келдіңіздер!

«Нұр-Әли» бөбекжай-бақшасы жаңа элиталық Ақниет мөлтек ауданында орналасқан. Балабақша ұжымы тәжірибелі педагогтар, жоғары санатты тәрбиешілер, аспазшылар және медбикелерден тұрады. Біз балалардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауды басты мақсатымыз деп білеміз.

Білім беру мен тәрбие мемлекеттік стандарттарға сай

Оқу-тәрбие процесі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. Бағдарлама балалардың дене және психикалық денсаулығын сақтауға және олардың негізгі құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған.

Жаңа бағдарламалар мен технологиялар

Балабақшада мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда заманауи әдістер мен технологиялар қолданылады. Бұл балалардың білім алуына тиімді жағдай жасап, олардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамытуға көмектеседі.

Теңгерімді тамақтану

Балабақшада балалар күніне үш мезгіл сапалы тамақпен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, жыл бойы жеміс-жидектер мен сүт өнімдері үнемі беріледі.

Ата-аналармен ынтымақтастық

Барлық ертеңгіліктер мен іс-шаралар ата-аналардың қатысуымен өткізіледі. Біз балаларды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу бағытында ата-аналармен тығыз қарым-қатынас жасаймыз.

«Нұр-Әли» бөбекжай-бақшасы – балалардың жарқын болашағының негізі!